Жастар – цифрлы дәуірдің сәулетшілері

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қамтылған мәселелер бойынша халықпен кездесу жиындарын әр аудан мен қалада өткізуді жалғастырып жатыр.

Осы мақсаттағы жүздесулер Түркістан қаласынан бастау алып, Халықаралық туризм және меймандостық университетінде және Түркістан жоғары медицина колледжінде өтіп, кездесуге оқу орындарының профессорлары, ұстаздар мен студенттер қатысты.

«Мемлекет басшысының Жолдауы – мем­лекеттік стратегияның негізі және елдің эко­но­ми­калық, әлеуметтік, саяси, технологиялық да­муы бойынша нақтылы жұмыс бағыттарын бел­гілейді. Бұл саяси құжат сенім мен ашық­тық­қа негізделіп, онда қоғамдағы өзекті мә­се­лелерге қатысты мемлекеттің саяси ұстанымы жа­рияланады. Мемлекет басшысының қо­ғам­дық тірегіне айналған «AMANAT» партиясы, бар­­лық реформа мен өзгерістің алғы шебінде қыз­мет атқаратын ықпалды саяси күш болып қа­лыптасты. Жолдау белгілеген басымдықтар бойын­ша партиямыздың Түркістан облыстық фи­лиалына қарасты 240 бастауыш партия ұйы­мының барлығында кездесулер өткізіліп, аза­маттарды ортақ мақсат аясына топтастыруға күш біріктіріп жатырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев.

Президент Жолдауы – басты саяси құжат болуымен қатар, ұрпақпен тілдесудің, жастар­дың үмітіне үн қосудың маңызды құралы. Ел кө­шін алға сүйрейтін жас буынның арманы мен мақ­саты – мемлекет саясатының өзегіне айна­лу­ға тиіс екенін терең түсінеміз. Жолдауда кеңі­нен айтылған цифрлық өзгерістерді жасаушы, жа­санды интеллектіні басқарушы буын – бұл бү­гінгі жастарымыз. Цифрландыру ісін ұлттық идея­ға айналдыруда, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды еліміз үшін жаңа мүм­кіндіктер ретінде қарастыруда жастарға үлкен се­нім артылатыны белгілі. Осы мәселелер Түр­кістан жоғары медицина колледжінің ұстаз­дарымен және студенттерімен өткен кездесуде кеңінен сөз болды.

Осы тақырып жөнінде ойымен бөліскен Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситетінің философия кафедрасының доцен­ті, PhD  доктор  Қайнар Қалдыбай бәсекеге қа­­бі­­лет­ті ұлт боламыз десек, жастарымыз ғылым мен технологияны меңгеруге тиіс деп байып­та­ды. Жасанды интеллект күрделі ғылым болға­ны­мен, жаңа идея мен креативке толы жас тол­қын­ның қолында қуатты құралға айналатыны сөз болды. Қазақстан жастары цифрлы техно­ло­гиялардың негіздерін меңгеріп жатқаны, бе­дел­ді халық­ара­лық ІТ олимпиадаларда жүлде­гер­лер қатарынан көрініп жүргенін алға  тартты. Жастар әзірлеген стартап жобалар танылып жат­қанына тоқталды.

Жастар сандық дәуірдің сәулетшісі болып са­налатыны туралы Қ.Ясауи атындағы Халық­ара­лық қазақ-түрік университеті спорт және өнер факультетінің деканы, Түркістан қалалық мәс­лихатының депутаты Бекахмет Абусей­тов­тың, «Жастар Рухы» жастар қанатының Түркі­с­тан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жан­серіктің және Түркістан жоғары медицина кол­леджінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқы­тушысы, «Достық» бастауыш партия ұйы­мы­ның жетекшісі Гүлмира Алдабергенованың ха­барламаларында айтылды. Жасанды интел­лект пен жастар – қуатты күш екеніне, егер олар бір­ге әрекет етсе, тек экономиканы емес, бүкіл қо­ғамды өзгерте алатынына баса мән берілді.

Жиынды қорытындылаған Алтынсары Дүй­сенбекұлы «AMANAT» партиясының миссиясы мен центристік ұстанымы барлық ресурсты Пре­зидент реформаларын жүзеге асыруға жұ­мылдыру болатынын айтты. 

«Түркістан жоғары медицина колледжі ай­мақтағы орта буын медицина қызметкерлерін даяр­лайтын іргелі оқу орны саналады. Прези­дент Жолдауында «Ауылда денсаулық сақтауды жаң­ғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан са­лынғаны, осы жылдың соңына дейін тағы 115 ны­сан пайдалануға берілетіні жайлы айтылды. Түр­кістан облысында осы бағдарлама аясында былтыр 49 нысан пайдалануға берілсе, оның 23-і пар­тиямыздың сайлауалды бағдарламасына енді. Ал биыл бұл бағытта тағы 30 нысан іске қо­сы­лады», – деді ол. 

Партияның облыстық филиалы медицина ұйымдарының қажетті техникалармен жабдық­талуын ерекше бақылауда ұстайды. Өткен апта­да өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлының қол­дауымен облыстағы жедел жәрдем ме­ке­мелеріне 60 жаңа санитарлық автокөлік та­быс­тал­ды. Жаңа автокөліктер өкпені жасанды жел­дету аппараты, дефибриллятор, элект­ро­кар­диог­раф, жүрек-өкпе реанимациясына арналған жиынтықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағ­дарламасы аясында былтыр Сауран ауданында 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы пайда­лануға берілсе, биыл тамызда 50 орындық ба­ла­ларға арналған «Шұғыла» оңалту орталығы іс­ке қосылды. Одан бөлек, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана мен 80 орындық «Ана мен бала» орталығының құрылысы жүр­гізілуде. Жоспарда Сарыағаш ауданында 300 орын­дық жаңа медициналық кешен салу да бар.

Облыстық партия филиалы жанынан құ­рыл­ған Әйелдер қанатының бастамасымен «Ден­саулық керуені» жобасын іске асыруды бас­талды. Іс-шара аясында біліктілігі жоғары ме­дицина қызметкерлері аудан, қалаларды ара­лап, азаматтарға тегін медициналық көмек бере­ді. 

Партияның Түркістан облыстық филиалына біріккен 85 мыңнан астам партия мүшесінің 9 мың­ға жуығы немесе барлық мүшелердің 10,5 пайы­зы – медицина саласының қызметкері. 

Парламент Мәжілісінің және партияның Төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен дәрі­герлердің имиджін көтеруде «Дәрігер Talks» алаңы жұмыс істейді. Астана қаласында партия Төрағасының қатысуымен өтетін диалог алаңы­на биыл Түркістан өңірінен жұмысы үздік та­ныл­ған 5 дәрігер жіберілді. Олар медицина сала­сын жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлерін Ден­саулық сақтау министрі мен Мәжіліс де­путаттарына тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Түркістан қалалық ауруханасының басшысы Бекзат Берденов белсенді қызметі үшін төсбе­л­гімен марапатталды. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таппақ. Жолдауда белгілеген нақ­ты міндеттер мен басым бағыттарды әрбір пар­тия мүшесі табанды түрде іске асыруға мүд­делі.

Н.ҚАЛМЫРЗАТЕГІ