Қазгидромет Қазақстан бойынша жұма, 19 қыркүйекке арналған ауа райына болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклонның ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады.
Сондай-ақ солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Республика бойынша желдің күшейеді, ал солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.