Астанада жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты.

Астана қаласы әкімдігінің сөзінше, тұрғын үйлерді жылыту тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес тәулік сақталған жағдайда басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Aikyn.kz сайтының сұрағына:

"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешімімен бекітілген қаладағы жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сырттағы тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес тәулік сақталған жағдайда басталады", – деп жауап берді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.