Бірлік пен бейбітшілік бастауы

Астанада БҰҰ Бас хат­шысы­ның орынбасары – БҰҰ Өркени­еттер Альянсының Жоғары өкі­лі Мигель Анхель Моратинос пен Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сес­сияға қатысты. Іс-шара Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съезі аясында ал­ғаш рет ұйымдастырылды.

Сенат Спикері, Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары съезі Хат­шылығының басшысы Мәулен Әшім­баев арнайы сессияға қатысушыларға ілтипат білдіріп, Альянс бүкіл адамзат үшін халықтар, мәдениеттер және діндер арасындағы диалогты жолға қоюда маңызды миссия атқарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ұйым 20 жыл ішінде экс­тремизм­нің алдын алуға, діни кемсітушілікке қарсы күреске және бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқанына баса мән берілді. 

«Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан халқы түрлі өр­кениеттер мен діндердің дәстүрін, төзім­ділік пен ашықтық қасиеттерін қабылдады. Сон­дықтан «бірлігіміз – әралуан­дықта» қағидаты еліміздің негізгі ұстанымына айналды. Біздің жерімізде ғасырлар бойы әртүрлі діни ғиба­датханалар мен рухани нысандар бейбіт жағдайда қызмет көрсетіп келгені та­рихтан белгілі. Киелі орындардың барлығы біздің халықтарымыздың тарихында маңызды орын алады. Оның бәрі біздің баға жетпес рухани-мәдени мұрамыз. Сондықтан оларды сақтауға және қорғауға әрдайым баса мән береміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы өз сөзінде Қазақ­стан БҰҰ Бас Ассамблея­сының 2023 жылғы Конфессия­аралық диалог және өш­пенділік тіліне қарсы іс-қимыл туралы қарарын, сондай-ақ БҰҰ-ның Діни нысандарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын қолдайтынын атап өтті. 

БҰҰ Бас хатшысының орын­басары – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жо­ғары өкілі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанның жаһандық деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылықты қам­тамасыз ету жолындағы батыл қадам­дарын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол бұл бағыттағы бірлескен бастама­ларды іске асыруға, қолдау көр­сетуге дайын екенін жеткізді. Ар­найы сессияда Мигель Анхель Мо­ра­тиностың басшы­лығымен әзірленген БҰҰ-ның Діни нысан­дарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспары таныстырылды. 

Сонымен қатар бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы­лары съезі Хатшылығының бас­шысы Мәулен Әшімбаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді. БҰҰ Бас хатшысының орын­басары – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жо­ға­ры өкілі Мигель Анхель Мора­тинос­пен кездесуде негізгі бағыт­тар бойынша, атап айтқанда, дін­ара­лық келісім мен өркениет­тердің жаһандық диало­гын нығай­ту жолындағы күш-жігерді үйлес­тіруге арналған өзара іс-қимыл перспективалары талқы­ланды. Олар – білім беру, жастарды дамы­ту, көші-қон, әйелдердің рөлі және БАҚ-қа қатысты проб­лема­ларды еңсеру бойынша бірлескен жұ­мыстар.

Ал Мәскеу және Бүкіл Русь Пат­риархы Кириллмен кездесуде ынтымақ­тастықтың болашағы, оның ішінде халықаралық шие­леніс жағдайында рухани дипло­матияны дамыту және әлемдік деңгейде дінаралық диалогты одан әрі ілгерілету тетіктері әңгімеге арқау болды.

Сессия барысында сөз сөйле­ген мәртебелі меймандар Қазақ­станның түрлі діндер өкілдерінің толерант­тылығын және бейбіт қатар өмір сүруін дәріптеу, сондай-ақ құндылықтардың дұрыс жүйе­сін қалыптастыру бағытын­дағы бас­тамаларына ризашылық­тарын білдірді. 

Съезд аясында «Бейбіт өмір – жастар таңдауы: болашақ жолын­дағы синергия» ұранымен Жас діни лидерлердің II форумы өтті. Оған жас діни көшбасшы­лармен қатар әлем бойынша іргелі жастар қозғалыстарының өкілдері, ға­лым­дар, белсенділер, орнықты даму, ақпараттық технология, мәдениет және коммуникация са­ла­ларының сарапшы­лары қатыс­ты. Іс-шарада қазір өзекті проб­лемаларды шешу жолдары тал­қы­­ланды.

Форумды ашқан Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары съезі Хатшылығының бас­шысы Мәулен Әшімбаев был­тырғы I Форум жас буынның адам­затты алаң­датқан жаһандық түйткілдерді шешуге қатысуы қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетіп бергенін айтты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өт­кен­дей, қиын кезеңдерде біз қабырға емес, көпірлер салуымыз керек. Бұл – біздің халқы­мыздың саналы таңдауы. Қазір біз бұрын-соңды болмаған қайшылық­тардың күрделі дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда ХХІ ғасырдағы ең күрделі түйткілдерді еңсеруде сіздерге, яғни жас көшбасшыларға үлкен жауапкер­шілік жүктеледі», – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшылары съезі Хатшылығының басшысы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшы­лығының басшысы Мәулен Әшім­баев «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақыры­бына арналған VIII съезд аясында қатысушы­лармен екіжақты кездесулер өткізді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық­аралық қауіп­сіздіктің берік жүйесін қалыптастыру мәселесіне әрдайым баса мән береді. Қазір әлем геосаяси шиеленістермен, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және климаттық қиындықтармен, сондай-ақ басқа да сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан жаһандық сын қатерлерді еңсеру үшін дін көшбасшыларының жасампаз рөлі айрықша мәнге ие және осы жолда күш біріктірудің маңызы зор», – деді съезд Хатшылығының бас­шысы.

Қасиетті Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның, Арабияның, Сирияның аса қасиетті Патриархы III Феофилмен кездесуде съезд Хатшылығы мен Иерусалим Патриархаты арасындағы іс-қимылды арттыру мәселесі сөз болды. 

Ал Бас Ашкенази раввині Кальман Бермен және Бас Сефард раввині Дэвид Йосефпен сұхбат кезінде Мәулен Әшімбаев Қазақ­стан олардың әлемде конфессия­аралық және дінаралық диалогты дамытуға арналған съезге белсенді қатысуын жоғары бағалайтынын айтты. 

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қасиетті тағының Дінара­лық диалог бойынша дикастерия префектісі Кардинал Джордж Джейкоб Кува­кадпен кездесіп, Рим Папасы Фран­цисктің 2022 жылғы тарихи сапарына және оның ислам мен христиан әлемін жақындастыруға қосқан үлесіне ерекше тоқталды. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысу­шы­лар Бейбітшілік және келісім саябағын ашты. Салтанатты шараға VIII съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты. Хатшылық басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіре келіп, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалағанын айтты.