Алматыда даяршыны боқтап, кір аяғын мәжбүрлеп сүрткізген қыз Атырауда ұсталды

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жеке басы анықталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Алматыдағы кафелердің бірінде даяршыға балағат сөз айтып, аяқкиімін сүрткізген бойжеткен жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жеке басы анықталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

«Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырауда ұсталып, түсініктемесінде кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция өкілдері қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін ескертті.