«Жап-жас екен!»: «Қайраттың» қақпашысына анасы қолдау білдірді

Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды.

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды.

Ойыннан кейін әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында Сәуле Рабаева былай деді:

«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін».

Бұл сөздер жас қақпашыны қолдаған мыңдаған жанкүйердің жүрегінен орын алып, әлеуметтік желілерде кең тарады.