Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан туған күнін ерекше қарсы алды

Ол желідегі парақшасында видео жариялап, жақындарына алғыс білдірді.

Бүгін белгілі тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан 43 жасқа толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Желіде тараған видеолардан Динара Сәтжан туған күнін жаңа үйінде қарсы алғанын көруге болады. 

Ол желідегі парақшасында видео жариялап, жақындарына алғыс білдірді.

"Жаратушыға – өмірім үшін шексіз алғыс айтамын!
Ата-анама – маған берген тамырлары мен сенімі үшін рақмет.
Жолдасыма – жанымда болған сүйіспеншілігі мен күші үшін.
Балаларыма – мені шынайы ететіні үшін алғыс.
Достарыма – әрдайым жанымнан табылатын қолдау болғандары үшін.
Командама және пікірлестеріме – бірге жасап жатқан істеріміз үшін рақмет!
Жазылушыларыма – сүйіспеншілігі мен жылулығы үшін үлкен алғыс ", – деп жазды Динара Сәтжан.