Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиді құттықтады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Президент әлеуметтік желідегі парағында күні кеше ғана әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиді тарихи жеңісімен құттықтап, басқа да балуандарға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Айдос Сұлтанғалиді әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.

Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.