«Адам – бір көшкен керуен»: Қазақстандағы өте танымал әртіс отбасындағы қайғылы хабарды жеткізді

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парағында жазды.

Қазақстандағы белгілі әртіс, әзілкеш, еліміздегі танымал біраз жобалардың басы-қасында жүрген Нұрсұлтан Жақсыген апасынан айырылып қалғанын айтып, оқырмандарына қайғылы хабарды жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парағында жазды.

"Аллаға қайтушымыз бәріміз... Тілегі жүрегінде, дұғасы көңілінде, әрбір айтқаны қисса мен ғибратқа толы апамыздан айырылып қалдық... Алла рақымына бөлесін, апау... Жүрегіміздесіз. Жаныңыз жәннәтта болсын!", – дейді ол. 

Әртістің әлеуметтік желідегі парағына салған видеосында апасы:

"Ұрпағым – менің бұтағым,

Болса екен деймін бірлікте.

Адам – бір көшкен керуен,

Құрармыз аз күн серуен.

Керуендей жол тартып,

Асармыз бір күн белінен дейді. Біз сол белге келіп тұрмыз. 80 деген оңай жас емес екен...", – деген сөзін көруге болады.