Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруно Орта дәлізді дамыту әлеуетін жоғары бағалайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Президент мырза, Сізге және осы жобаға атсалысқан баршаға алғыс айтамын. Командаңыздың кәсіби деңгейі жоғары.
Сонымен қатар экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларыңызды ерекше атап өткім келеді.
Қазақстанмен бірге Орта дәлізді дамыту әлеуетін, логистика және телекоммуникация салаларындағы мүмкіндіктерді жоғары бағалаймыз, - деді Ф. Бруно.