Енді автомобиль туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа сервисті іске қосты.

«ХҚКО» мобильді қосымшасында Қазақстанда тіркелген автокөлік жайлы мәліметтерді алуға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа сервисті іске қосты, оны «Авто тарихы» бөлімінен қарауға болады.

Есепте көліктің тіркелуі, бұғаттамалар мен кепілдер, әкімшілік айыппұлдар, кедендік ресімдеу, утилизациялық алым төлемі, арнайы белгілер мен берілген техпаспорттар туралы деректер көрсетіледі.

Ақпарат алу үшін өтініш беруші көліктің VIN-кодын көрсетуі тиіс. Есеп мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің негізінде онлайн қалыптасады.

Қызмет «ХҚКО» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.

Бір тексерістің құны – 500 теңге. Сонымен қатар топтамалық ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.