Бүгін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" футбол клубтары арасындағы матчқа билеттер сатылымға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жанкүйерлер бағасы 30 000-нан басталып, 250 000 теңгеге жететін билеттерді бар болғаны 41 минутта жаппай сатып алды. Маңызды матч 30 қыркүйек күні Алматыда сағат 21:45-те басталады.
Негізінен "Орталық" стадионның сыйымдылығы – 23 804 көрермен. Ал әлеуметтік желілерде көпшілік онлайн кезектің 100 мыңнан асып жығылғанын айтып шағымданып жатыр.
Билеттер тек алматылық клубтың ресми алаңдарында сатылды.