Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын

Ол қазіргі сәтте кездесуге дайын екенін ерекше атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Мен оны Киевке шақырған жоқпын, мен айттым: ол мені Мәскеуге шақырды. Бұл кездесуді кейінге шегеру үшін жасалған қадам. Бұл – менің оны Киевке шақырғаныммен бірдей. Трамптың командасы, менің командам, еуропалықтар, соның ішінде Макрон және басқа да көшбасшылар – бәріміз Түркия, Сауд Арабиясы, Катарда, бейтарап Еуропа елдерінде – Австрия немесе Швейцарияда кездесуді ұсындық. Тіпті егер Путин кездесуді Қазақстанда өткізгісі келсе де, біз дайынбыз», – деді Зеленский сәрсенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ол қазіргі сәтте кездесуге дайын екенін ерекше атап өтті.