Таразда тағы бір оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Шақыртумен келген жедел жәрдем қызметкерлері оның көз жұмғанын растады.

Күні кеше Таразда қайғылы оқиға болды. Анасы үйден біраз уақытқа шығып кеткен кезде, 9-сыныпта оқитын қыздың асылып тұрған мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шақыртумен келген жедел жәрдем қызметкерлері оның көз жұмғанын растады.

Марқұм №26 орта мектептің оқушысы болған. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл – соңғы екі айда Жамбыл облысында тіркелген жетінші жасөспірімнің өмірімен қош айтысуы.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқушы бұрын есепте тұрмаған, оқу үлгерімі жақсы, тәртібі жайлы болған, сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы сипатталған.

«Оқиғаға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандарынан жұмыс тобы құрылып, отбасына қажетті көмек көрсетілді», – делінген Басқарма хабарламасында.