Енді Мәскеуден Алматыға пойызбен баруға болады

Пойыз әрбір екі күн сайын қатынайды, 72 сағат жүреді.

Қазанның 26-сынан бастап «Алматы - Мәскеу» бағытында пойыз жүре бастайды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Ол «Саратов» станциясына дейін жүреді, содан кейін «Дербент - Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін барады. 

Пойыз әрбір екі күн сайын қатынайды, 72 сағат жүреді. Пойыз бір купе мен бір плацкарттан тұрады, билеттер сатылымға 45 күн бұрын шығарылады. 

Осыдан 8 жыл бұрын Алматы мен Мәскеу арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.