"Үсік жүреді": 25 қыркүйекке ауа райы болжамы

Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазгидромет 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны күрт төмендеп, -1°C градус суықты көрсетеді.

Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте солтүстік циклонның және онымен байланысты фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, ал оңтүстік және шығыс аймақтарда түнде және таңертең тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.