- Рухымызды сақтап, дүние жүзі халықтарымен терезесі тең боламыз, біз оқимыз, білімді боламыз. Солармен бәсекеге лайық боламыз деген ождан керек болды. Соны көтерді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік еңбегімен және өте сауатты жүргізген мемлекеттік саясатымен, сыртқы істер қарым-қатынасын өте жоғары дәрежеде қоя біліп, қысқа мерзім ішінде мемлекетімен 160-тан аса елмен дипломатиялық қарым-қатынас орната білді. Қазақстан Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында тарихи ауқымы бар талай миссияларды іске асырды.Еліміз мүйізі қарағайдай халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлімсақтан көзқарасы қабыспайтын әртүрлі дін өкілдерінің басын қосып, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізді. Пәкістан, Үндістан, Иран мен Сирия, Ресей мен Түркия төңірегіндегі жағдайдың шиеленіспеуіне күш салды. Арнайы алаң ұсынды.