Қайрат Нұртас: Араға 10 жыл салып, кездескелі тұрмыз…

Танымал әнші 31 қазанда Алматыдағы Орталық алаңда араға он жыл салып концерт беретінін, жеке концертінде кімдер өнер көрсететіні туралы айтты.

Әнші Қайрат Нұртастың жақында Instagram-да жазған жазбасы жанкүйерлерді қызықтырып қойды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қайрат Нұртас өз парақшасында:

Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз…
20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз!, – деген жазба қалдырды.

Көптеген қазақстандықтардың сүйікті әншісі қазан айында өтетін концертінде өнер көрсететін жұлдыздардың аттарын жариялады. Ол кештің қонақтары «Ирина Кайратовна» және Ninety One (91) атты танымал топтар болатынын айтып, басты қонақтың атын тек «Н...?» деп жазған.

Жүректе қуаныш пен қобалжу сезімдері аралас… Қанша жыл сахнада жүрсем де, бұл концерт мен үшін өте маңызды. Сол ұмытылмас кешті осы уақытқа дейін қолдап келген сіздермен бөлісуге асықпын… Кездескенше, тыңдарман!, – деген Қайрат Нұртас концертте эксклюзив болатынын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.