27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн сапармен келеді

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.