Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.