«Шөптен емес, ішектен өріледі»: Динара Майғазиеваның тұсау кескені желіде қызу талқыға түсті

Айзияның тұсауы дәстүрлі түрде ішектен емес, гүлден өріліп жасалған. Динара Майғазиева оны қыздың алдынан кескен.

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың қызы Айзияның тұсаукесері желіде қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүлдіршіннің тұсауын Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева кескен.

Айзияның тұсауы дәстүрлі түрде ішектен емес, гүлден өріліп жасалған. Динара Майғазиева оны қыздың алдынан кескен.

Бірақ көпшілік арасында мұны дұрыс қабылдамағандар да бар. Себебі кейбір желі қолданушылары:

– «Тұсауды артқы жақтан кесу керек»,
– «Ішектен өріледі, шөппен емес»,
– «Танымал адамдар дәстүрді бұрмалап жүр» деген сыни пікірлер қалдырды.

Сонымен қатар:

"Негізі үш затпен кеседі ғой. Ішекпен, ала жіппен, шөппен. Өте дұрыс жасадыңыз, Динара ханым!", – деп Динара Майғазиеваны қолдап жатқандар да бар.