Еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер дауыл туралы ескертті.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертулер күтілетін аймақтар туралы ескерту жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Тұман — СҚО, ШҚО, Атырау, Қарағанды және басқа облыстарда.

Жел (екпіні 28 м/с дейін) — Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында.

Найзағай, дауыл, бұршақ — Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында.

Ауа райының суытуы (+10…+17°С дейін) — Ақтөбе, Қостанайда. 

Өрт қауіптілігі — көптеген өңірлерде (ерекше және жоғары).

Дауылды ескерту сақталады:

25-26 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Күндіз 26 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде ауа температурасының 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Күндіз 26 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

26 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі күтіледі.

26 қырқүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстігінде шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 қыркүйекте Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

26 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

26 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

26 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында  15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 қыркүйекте түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

26 қыркүйекте Алматы облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.