2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып бекітілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2025 жылы 25 қазан сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар Республика күніне орай:
– бес күндік жұмыс аптасында – 25, 26, 27 қазан күндері демалады;
– алты күндік жұмыс аптасында – 25, 26 қазан демалыс, 27 қазан жұмыс күні болады.
Бұдан бөлек, осы айда кәсіби және өзге де мерекелер бар. Олар жұмыс күндеріне сәйкес келсе де, атап өтіледі және оған қатысты адамдарды құттықтау дәстүрге айналған.