Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының аты кім екенін әрі неге олай қойғанын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова қызының қырқынан шығару рәсімін де жасағанын көрсетті.

Танымал әртіс, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне қандай есім қойғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Рәбия Сұлтан. Өткен күзде Түркістанға арнайы сапармен бардым. Жоқ, іссапар емес, рухани еді. Ата-баба әруағына Құран бағыштау ниетім болды. Жол түсіп, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесінде болдым. Болашаққа пәлендей анық жоспар жоқ еді. Өз-өзіммен тілдесіп: Мен кіммін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Қайтсем, көпке қызмет етіп, ұрпаққа пайда бере аламын?… деген сұрақтар мазалады. Тарихта есімі таңбаланып, даналығы ұрпағына мәңгі сабақ болып тұрған ұлы адамның кесенесінен кете алмай айналшықтап жүріп алдым.
Араға айлар салып, қызды болатынымды білгенімде, есімі өзге болуы мүмкін емес екенін білдім”, – деп жазды актриса.

Ж. Әбдікәрімова қызының қырқынан шығару рәсімін де жасағанын көрсетті. 

“Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Шүкір! Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар. Маңдайына жазылған тағдырын саналы өрнектеп, рухы мықты аналарымыздың ұрпағы екенін біліп жүрсе деймін. Періштеге жаудырып жатқан жылы тілектеріңіз қабыл болғай. Әр аңсаған отбасына сәби иісін мен де тіледім”, – деп жазды кино жұлдызы.