Криштиану Роналду мансабындағы 946-шы голын соқты

1000 соғылған допқа аз қалды.

Португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы Про-Лигасында «Аль-Наср» сапында жүріп, кәсіби мансабындағы 946-шы голына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш оның футбол тарихындағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі екенін тағы да дәлелдеді.

Гол 4-турда өткен «Аль-Иттихад» командасына қарсы ойында соғылды. Матчтың 35-минутында Роналду есеп ашып, командасына басымдық сыйлады.

Қазіргі таңда Роналду клубтық деңгейде 805 гол соқса, Португалия ұлттық құрамасында 141 рет мерген атанған. Ол «Аль-Наср» клубымен 2027 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.