Көкшетауда көпқабатты үйден 28 адам эвакуацияланды

Тілсіз жау 4-қабаттан басталған

Бүгін кешке Көкшетаудағы Назарбаев даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Тілсіз жау 4-қабаттағы балконнан басталып, кейін бір қабат жоғарыға тараған. Төтенше жағдайлар қызметі өртті дер кезінде сөндірді. Жоғарғы қабаттарға су жеткізу үшін автосаты қолданылып, өрт сыртынан да тиімді сөндірілді.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы қою түтінге толған подъезден 28 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ.