Қостанай облысында қар жауды

Қазақстан бойынша ауа райы күрт салқындап, кейбір өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласты.

Қостанай облысында қыркүйектің соңғы күндерінде қар жауды. Ақ ұлпа Қостанай мен Рудный қалаларында байқалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасының ақпаратына сүйеніп. 

Бұған дейін синоптиктер түнде ауа температурасы –1…–6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3…+8 градус жылы болатынын болжаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.