Продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында «Алға, Қайрат!» деген жазумен қаз-қатар тізілген Hyundai Sonata автокөліктерінің видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Белгілі болғандай осы көліктерді танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубының ойыншылары Мадридтің «Реал» командасын жеңсе, сыйға тартпақ.
Қазақстанда Hyundai Sonata маркілі автокөліктің құны шамамен 15 290 000 теңгеден басталады.
Айта кетейік, Реал-Қайрат кездесуі 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.