Астанада жылыту маусымы басталды

Бұл туралы тұрғындарға қалалық әкімдік ақпарат таратты.

Қаладағы сыртқы ауаның төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер өтінімдеріне сәйкес, жылумен қамтамасыз етілген болатын.

Қаладағы барлық нысандарды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.