"Біз біргеміз, берік іргеміз!"
"Біз біргеміз, берік іргеміз!"
401
оқылды
Қазақстанның жаңа саяси шынайылықта өмір сүріп жатқанына тура 1 жыл толды. 2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігінен өз еркімен бас тартқаны мәлім. Бұл еліміздің демократиялық беделін бекемдеген қадам болды. Өйткені биліктің бейбіт жолмен жаңа тұлғаға табысталуы – өркениетті, дамыған, кемел мемлекеттердің игілігі. Бұл – саяси кемеңгерліктің көрінісі. Ел көсегесін көгертер көрегендік нышаны.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті осылайша өзіне жүктелген кезекті тарихи миссияны абыроймен атқарып шықты. Бар ғұмырын тәуелсіздікті тұғырлы етуге арнаған, елдік үшін құс төсектен безінген, елі үшін талмай қызмет еткен, мемлекеттік мүддені бәрінен биік қойған көшбасшы екенін әлемге танытты.
Қазақстандағы биліктің ауысуы – төтенше шара, мәжбүрлі іс емес еді. Бұл әрбір штрихына дейін ойластырылған туынды, әрбір тетігіне дейін күйіне келтірілген конструкция десе болғандай. Ол тәуелсіз мемлекетімізде саяси сабақтастық институты түзілгенін паш етті. Енді Мемлекет басшысы Елбасымен стратегиялық мәселелер бойынша ақылдасып, мемлекет бағдарының іргелі негіздерін нығайтып жатқанына куәміз. Назарбаев Әйтпесе, ұлысы ұлық, ал айналасы ардақ тұтқан, бір өзінде қырық кісінің ақылы болған ұлы хандардың кетуі мемлекеттіліктің күйреуіне соқтырған заманды Қазақ хандығы да талай бастан кешкен. Ол халыққа қайғы әкелген, зұлмат пен зобалаңға соқтырған.
Билік транзиті сыртқы күштердің араласуымен ұзақ әрі үздіксіз қақтығысқа айналған Ауғанстан секілді елдер қазіргі кезде де бар. Жаратқан Иенің сақтауымен, Елбасының салиқалы шешімі арқасында Қазақстан ондай қайғылы тағдырды қайталамады.
Халық сайлаған, көшбасшы партиямыз таңдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіндік үн, ерекше екпінімен іске кірісті. Жас Қазақстан күшті әрі тиімді мемлекет құру бағытында ары қарай сенімді ілгерілеп келеді. [caption id="attachment_29172" align="alignnone" width="1024"]Назарбаев Сурет интернеттен алынды[/caption] Кез келген сыртқы сын-қатерлерге тегеурінді төтеп беретін, алағай-бұлағайлы дүниенің, аумалы-төкпелі заманның тосын бетбұрыстарында тұрақтылығын сақтайтын мықты мемлекет қана аңсарлы арманымызды жүзеге асыруға қабілетті болмақ. Ол ұлы арман, асыл мұрат – Қазақстанды өз тарихында тұңғыш рет әлем төріндегі дамыған елдер қатарына қосу.
Қоғамдық көңіл-күйді бағамдасақ, жұртшылық былтыр жүрген «билік трансферін» қызу құптайтыны байқалады. Қуатты президенттік билік, ұлттық мүддені бәрінен биік қоятын қоғам, сындарлы-конструктивті оппозиция, саяси жауапты элита – Мәңгілік елді құрудың ұстыны.
Осы орайда қазіргі кезде Қазақстан Республикасының негізін қалаушы – Елбасының стратегиясына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінде жаңғыру жүргізіле бермек, бұл биліктің әлеуетін елеулі түрде жақсартады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын, елдегі әртүрлі саяси күштерді ірі істер айналасында біріктіре алатынын көрсетті. Бұған Арыстағы жарылыс, Қордай оқиғасы, коронавируспен күрес дәлел.  width= Билік транзитінің дер кезінде өткізілуі қазақ еліне бәсекелестік артықшылық берді: ол енді соған алаңдамай, бар күш-жігерін, ресурстарын әлемді ен жайлаған індетпен, ел қауіпсіздігіне төнген жаңа қатерлермен, экономикалық қиыншылықтармен күреске жұмылдыра алады. Бар назарды экономикалық күйзелісті еңсеруге, экономикалық және институционалдық реформаларды жүзеге асыруға шоғырландыруға мүмкіндік мол.
Қазір әрине, масаттана шалқитын заман емес. Ел еңсесін түсірер түйткілдер көк жалдана көтеріліп, жағаны долдана ұрған алып толқындай еселене түсуде. Халқымыз жаратылыстың қаншама қара дауылдарына шыдас берген. Ендеше өркениет биіктеріне өршелене ұмтылдырар, кедергі-қиындықтарды тас-талқан етер қуат пен рух ұлтымыздың бойынан бұл жолы да табыларына бек сенімдімін. Сонда бақуатты заманмен, шабытты шақтармен қайта қауышарымыз сөзсіз.