Қазгидрометтің мәліметінше, ертең Алматыда ауа райы күндіз +21, +23 градусты көрсетіп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Күн бұлтты, жаңбыр да жауады. Ал түнде +13, + 15 градус. Ауа райы құбылмалы.
Айта кеткен жөн, ертең көптен күткен "Қайрат" пен "Реал Мадрид" командаларының арасындағы тарихи матч өтпек. Күні кеше ғана «Реал Мадрид» командасы Алматыға келген құрамның тізімін жариялады.