Оның айтуынша, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, оны одан әрі өркендетуде маңызды рөл атқарады.
– Италия мен Қазақстанның ғасырлардан тамыр тартатын мәдени және тарихи дәстүрі бар, археологиялық және көркемөнер мұрасы өте бай. Бұл біздің гуманитарлық саладағы өзара ықпалдастығымызды тереңдетуге берік негіз қалайды, – деді Италия президенті.