«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчты қай телеарнадан көрсететіні белгілі болды

Матч ертең, яғни 30 қыркүйекте сағат 21:45-те басталады.

Ертең Алматыда өтетін тарихи матчты асыға күтіп жүрген жанкүйердің қарасы қалың. Сол себепті қазір ойынның нақты қай телеарнадан көрсетілетіні айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматының Орталық стадионында өтетін қазақстандық "Қайрат" пен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубтарының тарихи ойыны 30 қыркүйекте өтеді. Матч сағат 21:45-те басталады.

Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.