«Қайраттың» қорғаушысы «Реал Мадридке» қарсы матч туралы өз ойын айтты

Спортшының айтуынша, команда испандық грандпен өтетін ойынға қалыпты дайындық жүргізіп жатыр.

Ресейлік қорғаушы, алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Егор Сорокин УЕФА Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалға" қарсы алдағы кездесуден не күтетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.championat.com сайтына сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, команда испандық грандпен өтетін ойынға қалыпты дайындық жүргізіп жатыр.

"Біз барлық ойынға қалай дайындалсақ, бұл матчқа да солай дайындалып жатырмыз. Алматы "Реалмен" өтетін кездесуді асыға күтіп отыр, тартысты ойын болады деп ойлаймын. Ойынға барынша шоғырланып, жауапкершілікпен қараймыз және нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Ерекше назар аударуды қажет ететін ойыншылар бар. Бұл – барлық шабуыл шебіне қатысты. Қарсыласты талдаймыз, бапкерлеріміз кеңес береді", – дейді Сорокин.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2-тур ойыны – "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч бүгін, яғни 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.