«Фильмнен үзінді»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Министрлік БАҚ өкілдері мен ақпарат дереккөздерін фейк ақпарат таратпауға шақырып отыр.

Әлеуметтік желіде әскери формадағы бір адамның он шақты сарбазды балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл видеоның қазақ әскеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллектінің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Министрлік БАҚ өкілдері мен ақпарат дереккөздерін фейк ақпарат таратпауға шақырып отыр.