Енді бір QR-мен бірнеше банк атынан төлем жасауға болады

Болашақта бұл жүйеге басқа да қаржы ұйымдары кезең-кезеңімен қосылады деген жоспар бар.

Ұлттық Банк үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Жаңа жүйе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйектен бастап сервис үш банктің клиенттері үшін қолжетімді болады. Төлем жасау үшін банктің мобильді қосымшасында сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлеп, төлемді растаса жеткілікті.

Ұлттық Банктің мәліметінше, жаңа сервис банктер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттырады.

Дереккөзге сүйенсек, болашақта бұл жүйеге басқа да қаржы ұйымдары кезең-кезеңімен қосылады деген жоспар бар.