"Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы"

Полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға, күдікті сілтемелерді ашпауға шақырады.

Алаяқтардан айла артылар емес. Олар туған күніңізді біліп алып, сізге хабарласады. "Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы" деп сенімге кіріп, өздеріне қажет деректі білуге тырысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме арасында жеке мәліметтерді айтуды талап етеді. Егер ақпаратты беріп қойсаңыз, банк картаңыздағы ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Есіңізде болсын:

Жеке мәліметтеріңізді ешкімге жария етпеңіз;

карта нөмірі, CVV-код, бірреттік код – құпия ақпарат;

 "курьер" немесе "банк қызметкері" деп хабарласқандарға сенбеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, анық-қанығын біліңіз;

бейтаныс адамға ақша аудармаңыз;

күмән туындаса, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз.

Егер абайсызда алаяқтарға алданып қалсаңыз – ең бірінші картаңызды бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Артынша дереу полицияға қоңырау шалыңыз, –  деп ескертеді полиция.

Бұл туралы жақындарыңызға, әсіресе ата-ана мен ата-әжелеріңізге ескертіңіз. Көп жағдайда адамдар құпия ақпаратты өздері айтып қояды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.