Мемлекет басшысы Нигерия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады.