Бауыржан Орынбасаров: Достық-Мойынты теміржол желісі – Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдау көлемін ұлғайтады

"ҚТЖ "ҰК" АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров Достық – Мойынты теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдау көлемін ұлғайта түсетінін жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

"Бұл жол торабы Қазақстан мен Қытай бағытындағы тасымалдау көлемін ұлғайта түспек. Әсіресе, осы учаскеде өткізілуі бес есе көп болмақ. Алдында айтылғандай, 35 жыл бұрын Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың түйісетін жері Достық пен Алашанқай. Тіпті, Мемлекет басшысы осы жылдар ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдау көлемі 400 млн тоннадан асқанын айрықша атаған болатын. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш. Біз әрі қарай жұмыс істеуге дайынбыз. Екінші жол торабының іске қосылуымен Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдың жалпы көлемі 50 млн тоннаға жетпек. Себебі, Достық Мойынты теміржол желісі Транскаспий маршрутының, яғни орта дәліздің негізгі буыны. Жүктің ілгерілеуі едәуір жеделдей түспек. Сөйтіп, жүк жөнелтушілер мен осы дәліз бойынша жүк алушылардың ыңғайлы қызметіне айналмақ. Өйткені осы теміржол желісінің іске қосылуымен Қазақстан аумағы бойынша уақыт 12-14 сағатқа қысқаруы мүмкін", деді Бауыржан Орынбасаров.

Оның айтуынша, қазір үшінші шекара өткелінің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Егер ол іске қосылса, жүк өткізу қабілеті 100 млн тоннаға дейін ұлғаю ықтимал.