«Бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңалығын жеткізді

Өнер иесі оқырмандарына сәбиін қырқынан шығара сала жұмысқа кіріскенін айтты.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалысы аяқталып, жұмысқа оралғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі оқырмандарына сәбиін қырқынан шығара сала жұмысқа кіріскенін жеткізді.

“Декреттік демалыс бітті. Жүктілік басталған сәттен, барынша көзден тасаланып жұмысты жинап қойып, назарым тек өз күйімде болғанын қаладым. Шүкір, Алланың қалауымен бәрі де ретімен, сәтімен, өзім жоспарлағандай өтті. Енді екеуміз де қырқымыздан шығып, буынымыз қатып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Мен Рабия Сұлтанға қыдыруға, ол маған жұмысқа оралуыма рұқсат бердік. Демек, ресми жұмысқа кірістім деп айта аламын. Иә, жүктіліктің басында бұл қалай болады екен деп, абдырағанымыз рас. Әсіресе балалар түрлі эмоциямен қабылдаған еді. Жылады, күлді, ашуланды, көздері бақырайып үнсіз тұрды”, – деп жазды актриса. 

Айта кетейік, актриса жақында бесінші сәбиін өмірге әкелген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.