«Менің балам қай жақтан ұрлап жатыр?»: Нұрлан Еспанов ұлын сынағандарға жауап берді

Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың басы дауға қалып отыр.

Өйткені оған әлеуметтік желі қолданушылары "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынының билетін қымбатқа саудалаған деген сын айтылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған қатысты Олжас Еспановтың әкесі әлеуметтік желі арқылы пікір білдірді.

"Достар, сіздер қызықсыздар, ә! Менде билет болса қазір "Қайраттың" стадионында айқайлап отырмаймын ба?! Негізі стадионның алдына кеше барып қайтқанмын. Менде билет жоқ. Балам билет сататын болса, оған айтпаймын ба: "Ей, сатпай-ақ қой! Өзіміз-ақ ала салайықшы. Менде де достар бар ғой. Билет бар ғой менің баламда жоқ. Жолдас балалары желіге салып берші деп айтқан ғой. Мысалы, сіздерге бір сұрақ қояйыншы: Сіз екі билет сатып алдыңыз делік. Белгілі бір себеппен "Қайраттың" ойынына бара алмай қалдыңыз. Сонда билетті не істейсіздер? Не істеу керегін өздеріңіз білесіздер ғой. Үйге алып қоясыздар ма... Біреуге бере саласыздар ма? Қымбат бағаға сатасыздар ма? Өздеріңіз білесіздер ғой. Бұл жерде жемқорлық емес... Бұл - менің ойым. "Реал Мадрид" Алматыға бірінші рет келіп жатыр ғой, міне. Клуб ойыншыларын бәрі де көргісі келеді. "Ойбай" дей бермеңіздерші, иә?! Менің баламды жемқор деп жазыпсыздар ғой. Жемқор болғанда менің балам қай жақтан ұрлап жатыр екен? Ойланыңыздар (күліп). Өздеріңізде екі билет бар, иә. Не істейсіздер? Сіздерге сұрақ", - дейді Н. Еспанов.