«Өз анамдай көремін»: Мөлдір Мұқанова енесі туралы айтты

Оның айтуынша, келін болып түскен күннен бастап ене мен келін арасында жиі кездесетін түсініспеушіліктерге жол бермеуді өзіне мақсат еткен.

Белгілі продюсер, қазір әншілікке қадам басып жүрген Мөлдір Мұқанова енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, келін болып түскен күннен бастап ене мен келін арасында жиі кездесетін түсініспеушіліктерге жол бермеуді өзіне мақсат еткен.

«Ақ босағаны аттаған сәттен бастап енемді өз анамдай көремін деп сөз бердім. Содан бері арамызда ешқандай кикілжің, реніш болған емес. Қарым-қатынасымыз өте жақсы», – деді ол.

Сонымен қатар, Мөлдір енесімен бірге тұрмайтынын да айтты. Тұрсынбек екеуі қалада тұратындықтан, енесі қара шаңырақта кенже ұлдың қолында қалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдірдің ой-өрісіне тәнті болып, оны даналығы мен сыйластығы үшін мақтады.