Ресейде «Қайрат» қақпашысын «Реалға» қарсы ойындағы сәтсіздігіне қарамастан алған сыйлығы үшін сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәскеулік ЦСКА қақпашысы Владислав Тороп «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға «Реалмен» өткен ойында (0:5) кейін сыйға тартылған жаңа автокөлікке қатысты пікір білдірді.
Қалмұрзаға «Реалмен» 0:5 есебімен ойнағаннан кейін көлік сыйлады. Егер біз «Барселонамен» ойнап, осындай нәтижеге қол жеткізсек, мен ондай сыйлықты қабылдамас едім, – деді Тороп.
Айта кеткен жөн, кеше 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза ерекше құрметке ие болды. Оған кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed көлігін сыйға тартты.