Қазақстан алғаш рет стартап-экожүйелердің жаһандық рейтингінде көш бастады

Astana Hub Орталық Азиядағы үздік стартап-хаб мәртебесіне ие болды.

Astana Hub жаһандық стартап-экожүйелерді зерттеумен айналысатын StartupBlink аналитикалық платформасымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Astana Hub Орталық Азиядағы үздік стартап-хаб мәртебесіне ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан Global Startup Ecosystem Index 2025 жаһандық рейтингінде Орталық Азия елдері арасында алғаш рет көш бастап, аталған марапатқа ие болды.

Меморандумға қол қою және марапат табыстау рәсімі Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында өтті. Құжат аясында тараптар стартап-экожүйені дамыту, білім және тәжірибе алмасу, сондай-ақ қазақстандық технологиялық компанияларды жаһандық деңгейде ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Digital Bridge 2025 форумы аясында халықаралық және өңірлік серіктестермен бірнеше маңызды келісім мен меморандумға қол қойылады деп жоспарланған. Бұл бастамалар Қазақстанның технологиялық әлеуетін арттыруға және оны жаһандық инновациялық кеңістікте танытуға жол ашпақ.