Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады

Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы күтіледі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі,  деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліністердің өтуімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік өңірлерде түнде температураның біртіндеп -3°…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+15°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Шығыста түнде -3…-13°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+11°С жылылықтан -5…+5°С аралығында ауытқулар күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1–3°С үсік сақталады. Қалған аумақтарда температурада аздаған ауытқулар болжанғанымен, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.