Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алушы жастардың жайлы әрі қауіпсіз оқу, тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында оқу корпустары мен жатақханаларда биыл жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Студенттер үйіндегі сантехника және электр желісі, бөлмелер мен фойедегі линолеум төсеніші, электротехникалық жабдықтар жаңартылды. Бұған қосымша жатақханалардың ішкі қасбетінде сырлау жұмыстары жүргізіліп, ағартылды.
2023-2025 жылдар аралығында жатақханалардағы бөлмелер мен оқу залдарындағы 1 000-нан астам есік толықтай ауыстырылды. Санитарлық тораптарды жаңарту жұмыстары барысында 220 унитаз бен 285 қолжуғыш орнатылды.
2024 жылы ҚазҰУ қалашығындағы барлық жатақхананың асханасына 120 тоңазытқыш, 120 электр плитасы қойылды. 4 000 матрас, 4 000 жамылғы, 4 000 жастық, 4 000 жайма комплектісі жаңадан алынып, студенттерге пайдалануға берілді. Акт залдарына 210 м2 жалюзи орнатылып, 600 диван-кресло қапталды, 130 пуфик сатып алынды.
Аталған барлық жұмыстар санитарлық тұрмыстық жағдайды жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және студенттердің жайлы әрі қауіпсіз ортада тұруы мен оқу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз студенттеріне заманауи және қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән береді. Алдағы уақытта да жатақханаларды басқа да тұрмыстық техникалар және төсек жабдықтарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.