Әлеуметтік желіде көптен бері көрінбей кеткен белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған видеодан әзілкештің той басқарып, асаба болып жүргенін көруге болады. Тойдың видеосына қарасақ, мұнда қазақтардан бөлек, әзербайжан, түрік, қытай ұлтының адамдары да жүргенін байқаймыз. Асаба Тұрсынбек Қабатов тойға келген қонақтарды екіге бөліп, қазақ және қытай ұлты болып би жарысын ұйымдастырады. Сол сәтте ол:
«Ештеңе ойлап таппасақ та, биді қатырамыз ғой біз. Мыналарда билейтін уақыт жоқ. Біз енді би жарыс болса, әлемде бірінші орын аламыз ғой», – дейді.
Видеодан той ауқатты отбасында болып жатқаны, тойда түрлі қымбат заттар мен техникалар ойнатылып жатқаны анық көрінеді.