«45 миллион теңге несие алдым»: Нұрлан Еспановтың ұлын біреулер алдап кеткен

Сондай-ақ Олжас Еспанов қарыздан қалай құтылуды бөлісетінін айтып, ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қомақты суммаға қарызға кіргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олжас Еспановтың сөзінше, ол кезінде алаяқтардың құрбаны болған. 

45 миллион кредит, 2 жылға созылған уақыт... Менде бәрі идеально емес, бәрінің басында проблема бар. Мұңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, араласпай адамды сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын, алаяқтыққа ұрынып 45 миллионға қадалу. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Бармаған жер, баспаған тау қалмады. Үкіметтік органдар ешкім жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер бізді қораға тыққысы келеді, жоқ машинаның кредитін төлеңдер деп. Жалпы айта берсең кино, сериал, дорама ғой. Кредит менің мойнымда, 45 миллион тақалып тұр, –дейді ол.

Сондай-ақ Олжас Еспанов қарыздан қалай құтылатуды бөлісетінін айтып, ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.