2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда азаматтардың жеке есепшоттарына түсетін ақшалай қаражатқа салық органдарының бақылауы күшейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты digitalbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) енгізген жаңа жүйе тек теңгемен емес, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды да қамтиды. Енді банктер барлық ақша аударымдарын тіркеп, бұл деректерді салық қызметіне тапсыруға міндетті.
Мобильді аударымдарды бақылау – басты себеп
Бұған дейін салық органдары тек ірі сомаларға назар аударса, жаңа ережелер бойынша енді ұсақ әрі тұрақты аударымдар да бақылауға алынды. Жүйенің негізгі ерекшеліктері:
Сарапшылар не дейді?
Салық саласы бойынша сарапшы Айдар Масатбаевтың пікірінше, жаңа тәсіл азаматтардың барлық қаржылық операцияларын толық бақылауға мүмкіндік береді.
«Егер бір адам әртүрлі банктегі бірнеше шотқа ақша қабылдаса, бұл деректер қазірше біріктірілмеген. Болашақта салық органдары барлық ақпаратты жинақтап, жалпы көріністі қалыптастыруы ықтимал. Әйтпесе жүйе тиімсіз болады», – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, банктер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл толық жолға қойылған жағдайда ғана бақылау жүйесі нақты нәтиже береді.
Қай жағдайда банк салық органдарына мәлімет береді?
Тексеру басталуы үшін нақты шектеу белгіленген:
Салық органдары қандай шара қолданады?
Кәсіпкерлік белгілері анықталған жағдайда камералдық тексеріс жүргізіледі:
Осылайша жаңа ережелер қазақстандықтардың қаржылық айналымын барынша ашық етуді көздейді. Ал мобильді және валюталық аударымдар енді салық органдарының жіті назарында болмақ.