Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, – делінген хабарламада.